23.04.2026
13-1920x2041

Шымкентте дүниеге келген үшемдердің жағдайы жақсы. сәбилерге анасы жақсы күтім жасауда. Медицина қызметкерлері арнайы тексеріп, ана мен балалардың жағдайын сұрап тұрады. Еске салсақ, білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосқан Шымкентте үшемдер дүниеге келген еді. 24 жастағы қала тұрғыны Рахимова Феруза өзінің алғашқы жүктілігінде екі ұл және бір қыз баланы өмірге әкелді. Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын туылып, бастапқыда жағдайлары ауыр болған. Олар біраз уақыт аппараттың көмегімен тыныс алып, жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Дегенмен, білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосып, ана сүтімен қоректене бастады. Қазір анасы мен үшемдердің жағдайы жақсы. Айта кетерлігі, Шымкент қаласында туу көрсеткіші артып келеді. 2025 жылдың басынан бері 12 648 сәби дүниеге келген, олардың ішінде 149 егіз және үш үшем тіркелген. Бұл – отбасылар мен қала тұрғындары үшін зор қуаныш пен үміттің белгісі.
Еске салсақ, бірнеше ай бұрын Шымкентте биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келген еді.  Бұл 22 жастағы Жәмила Ақылбектің алғашқы жүктілігі еді.Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болып туылған. Үшемдерге туыстары Әбілқайыр, Айлана және Әльтаир есімдерін қойған.

– Сәбилер дүниеге келгеннен кейін олар реанимация бөлімінде бірнеше күн жатып, қажетті ем алды. Кейін олар анасымен бірге палатаға ауыстырылды, өздерін жақсы сезінуде. Қимыл-қозғалыстары белсенді, – деген еді босану залының акушер-гинеколог дәрігері Шолпан Тастанбекова.

Жас ана жүктіліктің 4-ші аптасында сәбилерінің үшем екенін білген көрінеді. Оның айтуынша, егіздер жолдасының туыстарында болған. Бірақ, бұл үшемдер жалпы әулетте алғаш рет дүниеге келген.

– УДЗ дәрігері бірінші қараудан кейін-ақ, үшем екенін айтты. Жүктілік ешқандай қиындықсыз өтті. Дегенмен, 30 аптадан кейін ауырлық сезілді. 34 аптасында дәрігерлер кесір тілігі арқылы босандыруды ұйғарды. Сөйтіп, жоспарлы түрде 17 қаңтар күні операция жасалды. Орталықтың бас дәрігеріне, барша мамандарға алғысымыз шексіз. Біз өте қуаныштымыз!, – деді Ж.Ақылбек.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 2500-ден аса сәби туылған. Оның 33-і егіздер екен. Жалпы, халықтың табиғи өсім жөнінен Шымкент республика бойынша алғашқы үштікте орналасқан. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, өткен жылы Шымкентте 1 мың адамға шаққанда 23,54 бала туған. Бұл былтыр үшінші мегаполисте 30 мыңға жуық сәби дүниеге келді деген сөз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *