19.04.2026
Screenshot_1

4 наурыз – Дүниежүзілік артық салмақпен күрес күні. Даталы күн әлем бойынша жыл сайын атап өтіледі. Мұндағы мақсат — артық салмақтың денсаулыққа тигізетін қаупі, мысалы, жүрек аурулары, қант диабеті туралы хабардарлықты арттыру және дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтын насихаттау.

 Адам денсаулығының жақсара түсуіне көптеген факторлар себеп болатыны белгілі. Соның ең маңыздысы – артық салмақтан арылу. Ол туралы диетологтар мен белгілі маман дәрігерлер өз ойларын айтудан жалыққан емес. Артық ет расымен де адамның жүрек қағысына, жылдам қозғалуға кері әсерін беріп жатады.

Негізі артық салмақтан арылудың тәсілі көп. Ең алдымен – тамақты орнымен ішу. Одан кейін таза ауада көп жүріп, серуендеу де маңызды.

Тамақты тым азайтып тастау да дұрыс емес. Ең бастысы, асты шектен тыс ішпеу керек. Әр нәрсеге қанағат болу керек. Халқымызда «Қанағат қарын тойғызар» деген сөз бар.

Десек те астан түпкілікті бас тарту денсаулықты әлсіретіп, басқа да дене мүшелеріне зақым тигізуі әбден мүмкін. Себебі, асқа тыйым сала отырып артық салмақтан арылу денсаулыққа зардабын әкелуі сөзсіз дейді мамандар.

Спортпен немесе дене шынықтырумен, дене еңбегімен айналысу да аса маңызды.

Ұйқының сапалы әрі уақтылы болуын да қадағалау қажет.

Сонымен қатар, күйзелістен аулақ болу керек. Себебі, күйзеліске, ашуға бой алдырған адам олқылықтың орнын толтырамын деп, артық тамақ немесе зиянды ас ішіп қоюы әбден мүмкін.

Сондықтан, сергек жүріп, дұрыс тамақтаныңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Зиян әрекеттерден аулақ болыңыз.

Есіңіде болсын, өз саулығыңыз – өз қолыңызда.

Айдана Данданова,

Шымкент қалалық №4 емхананың

салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *