19.04.2026
Отбасы банкі (4)

“Отбасы банкінде” 2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Жалпы сомасы 500 млн теңге көлемінде қайтарымсыз негіздегі сертификаттар беру жоспарлануда.

Тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде беріліп, қарыз сомасының 10%-ын, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде ұсынылады. Бұл сертификаттар І және ІІ топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі.

Қазіргі таңда 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілген.

Сонымен қатар, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында да тұрғындарға баспана берілуде. 2023 жылы бұл бағдарлама үшін 3 млрд теңге бөлініп, 150 азамат пәтер алған.

2024 жылға 5 млрд теңге бөлініп, 400 азаматқа пәтер берілуі жоспарланды.

Қатысушыларды іріктеу қорытындысы бойынша 1 736 өтінім қабылданып, оның ішінде 400 қатысушы негізгі тізімге енгізілген. Бұл бағдарлама аясында баспаналы болған азаматтардың саны жыл сайын артып келе жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *