19.04.2026
490295885_992659426386292_6349230381406438323_n
Шардара ауданының 60 жылдығы аясында Шардара қаласындағы №4 шағынауданда 60 пәтерлі үйді табыстау рәсімі өтті.
Жиынға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүталиев арнайы қатысып, тұрғындарға 60 баспананың кілтін табыстады. Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғын үй құрылысына атсалысқан азаматтарды арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
«Биыл Шардара қаласында көптеген нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Біздің мақсатымыз – аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Былтыр жаз айында 100 пәтер, кеше ғана 40 пәтер, тағы 24 пәтерді ел игілігіне пайдалануға бердік. Бүгінде тұрғындарды қуантып отырмыз. Осындай қуанышты сәтте пәтер иелеріне ауданның мерейтойымен бірге келген жаңа қоныстарыңыз құтты болсын дегім келеді», – деді Арман Романұлы.
Сондай-ақ, дәл осы №4 шағынауданда жаңа «Болашақ» саябағының ашылу салтанаты өтті. Әсем ән шырқалып, ауданның 60 жылдығы атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *