19.04.2026
68402767ede18

Кәсіби-техникалық білім берудің сапасын арттырып, ауыл шаруашылығы саласына білікті кадрлар дайындауға бағытталған. Түркістан облысында жұмысшы мамандықтар жылына орай «Үздік механизатор – 2025» байқауы өтті. Түркістан облысындағы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж» базасында «Үздік механизатор – 2025» атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Жалпы байқау – кәсіби-техникалық білім берудің сапасын арттырып, ауыл шаруашылығы саласына білікті кадрлар дайындауға бағытталған. Сондай-ақ, студенттердің кәсіби шеберлігі мен еңбекке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған. Байқауға өңірдегі 10-нан астам колледж студенттері қатысып, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды. Қатысушылар ауыл шаруашылығы техникаларын жүргізу мен оларға техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жарысты. Нәтижесінде үздіктер жүлделі орындарға ие болып, арнайы облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп атады. Шымкентте Президент бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам ретінде бизнес пен оқу орындары арасындағы өзара байланысты нығайтуға басымдық берілмек. Әсіресе, дуальды оқытудың жол картасы аясындағы әріптестік нығая түседі.

Президент осыған дейін: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», – деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім? Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол – дихан бола ма, ол – малшы бола ма, ол – жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *