19.04.2026
IMG_4412

 

Шымкент қаласында ардагер шахматшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Аталған жарыс 50 жастан асқан және 65 жастан асқан спортшылар санатындағы елдің ең мықты шахматшыларын анықтап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі беделді турнирлерге қатысатын ұлттық құрамалардың құрамын айқындайды.
Чемпионат барысында қатысушылар шахматтың үш түрі бойынша сынға түседі: классикалық шахмат, рапид және блиц. 1962–1976 жылдары туған спортшылар 50 жастан асқан ойыншылар санатында, ал 1961 жылға дейін туған шахматшылар 65 жастан асқан ойыншылар санатында бақ сынайды. Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар Италияда өтетін командалық әлем чемпионатына, Сербияда өтетін жеке әлем чемпионатына және Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Биылғы чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 97 спортшы қатысуда. Олардың қатарында 50 жастан асқан әйелдер санатында 13 қатысушы, 65 жастан асқан әйелдер санатында 9 қатысушы бар. Ал ерлер арасында 50 жастан асқан спортшылар санатында 34 шахматшы, 65 жастан асқан спортшылар санатында 41 қатысушы өнер көрсетуде.
Жарыс форматына сәйкес, 50 жастан асқан әйелдер арасында турнир 7 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтеді. 65 жастан асқан әйелдер арасында 8 турлық айналмалы жүйе қолданылса, ерлер арасындағы екі жас санатында да 9 турдан тұратын швейцариялық жүйе пайдаланылады.
50 жастан асқан әйелдер арасында негізгі фавориттер қатарында Алматы қаласының өкілі Виктория Иржанова, Астана қаласынан Альфия Туребаева, Павлодар облысынан Елена Анкудинова және Алматы қаласынан Елена Гайченя бар. Дегенмен мамандар шахматта күтпеген нәтижелер жиі кездесетінін айтып, басқа да қатысушылардың жеңіске жету мүмкіндігін жоққа шығармайды.
65 жастан асқан әйелдер арасында дебютант Ирина Буланова (Алматы) басты фавориттердің бірі саналады. Оған өткен жылғы чемпион Инна Матвеева-Попрукайло (Алматы), сондай-ақ Ақтөбе облысынан Зайтуна Туралиева мен Жамбыл облысынан Елена Деревянко лайықты бәсекелес болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *