2025 жылы Шымкент қаласының тұрғындары амбулаториялық-емханалық деңгейде 60 медициналық мекемеден қызмет алды. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 53 мекемемен салыстырғанда 7-ге көп. Оның ішінде 14 мемлекеттік емханаға 607 мың адам, яғни барлық тіркелген тұрғындардың 49%-ы тіркелсе, жеке меншік 46 емханада 639 мың адам немесе 51%-ы қызмет көрсетілді.
Қала тұрғындарына медициналық көмекті жақындату мақсатында 2022-2024 жылдар аралығында 14 жаңа емхана ашылды. Осы нәтижесінде емханалардағы орташа науқастар саны 25 мыңнан 20 мыңға дейін төмендеп, медициналық қызмет сапасы жақсарып, науқастарды қабылдау уақыты қысқарды.
Стационардағы төсек орындарының өсуі
Амбулаториялық көмекпен қатар, 2024 жылы қалада 44 медициналық ұйым стационарлық қызмет көрсетіп, олардың жалпы төсек орын саны 4 894-ке жетті. Оның ішінде 15 мемлекеттік аурухананың 3 753 төсек орны, ал 29 жеке медициналық ұйымның 1 141 төсек орны бар.
2023 жылдан 2025 жылға дейін төсек орындар саны 4 393-тен 4 894-ке дейін артты, бұл шамамен 10%-дық өсімді білдіреді. Бұл – қаладағы стационарлық медициналық қызметтің кеңейіп, халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа көпбейінді клиника ашылды
Қалада жаңа көпбейінді «Хадиша» клиникасы ашылып, онда 257 төсек орын қарастырылған. Клиниканың құрамына келесі бөлімшелер кіреді:
-
Хирургия
-
Гинекология
-
Травматология және ортопедия
-
Кардиология
-
Неврология
-
Терапия
-
Пульмонология
-
Инсульт орталығы
-
Кардиохирургия
-
Нейрохирургия
-
Паллиативтік көмек
Бұл клиниканың ашылуы аурулардың кең спектрі бойынша сапалы, заманауи медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Төсек орындарының өсуі тұрғындар үшін маңызы
Ауруханалардағы төсек орындарының көбеюі науқастардың стационарлық ем алуға қолжетімділігін арттырады, аурухана кезегін азайтады, медициналық көмек көрсету сапасы мен жылдамдығын жақсартады. Нәтижесінде тұрғындар уақытылы ем қабылдап, денсаулығын сақтауға мүмкіндігі молаяды.
Сонымен қатар, жаңа төсек орындарының ашылуы бар ауруханалардағы жүктемені азайтып, пациенттердің емдеудегі жайлылығын арттырып, жаңашыл технологияларды енгізуге жол ашады.