19.04.2026
жастар (1)

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы бойынша мансап орталығының мамандары М.Тынышбаев атындағы Көлік колледжінің жастарымен кездесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында жастарға еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңінен ақпарат беріліп, оларға қатысу жолдары түсіндірілді. Атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамту шаралары, жаңа мамандықтарды игеру, өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысу, шағын кәсіпкерлікке арналған гранттар мен басқа да маңызды мағлұматтар берілді.

Сала мамандары, сонымен қатар, жастарға пайдалы мәліметтер мен ұсыныстар беретін арнайы парақшалар таратып, мемлекет тарапынан беріліп отырған тиімді мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Жалпы, Шымкентте мемлекеттік тарапынан ұсынылып отырған кең мүмкіндіктер мен түрлі бағдарламалар туралы жастар арасындағы түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оның ішінде, жоғары және арнаулы оқу орындарымен қоса, түрлі сауда орындарындағы жастарға, атап айтқанда Алаш, Автонұр, Самал және т.б. базарлар сияқты нысандарда жұмыс істейтін жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы жұмыстардың аясында бүгінгі күнге дейін 42 кездесу өткізіліп, 3 432 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *