19.04.2026
сенбілік

Бүгінде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары тұрақты түрде жалғасып келеді. Сенбіліктерге қала тұрғындары, әсіресе, жастар белсенді түрде атсалысып жүр.

Мәселен, жуырда Шымкент қаласынан ағып өтетін Бадам өзенінің бойында «Таза жағалау» акциясы өтті. Аталған тазалық іс-шарасына қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен 80-ге жуық ерікті жастар қатысты. Олар өзен бойындағы күл-қоқыс пен өзен аңғарындағы қураған ағаш бұталарын тазалап, шөбін орды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *