Әлемде жыл сайын жүректің ишемиялық ауруларынан шамамен 13 миллион адам қайтыс болады екен. Бұл дертпен шалдығушылардың басым бөлігі орта жастағы азаматтар. Науқастың өмірін сақтап қалудың бір жолы – жүрек қан тамырларына стент орнату.Аталған құрылғыны орнату арқылы жүрек қан айналымы қалпына келеді екен.
Шымкент жүрек орталығында жүрекке стент орнату 2008 жылдан бері сәтті жасалып келеді.Мамандардың айтуынша орталыққа жүрек ауруымен шағым айтып келетін жандардың басым бөлігі жастар. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша бір жылда 5000-нан астам науқас дәл осы дерт түрімен тіркелген көрінеді.Жалпы жүрек ауруына шалдығудың бірден-бір факторы дұрыс тамақтанбау,ұйқы режимін сақтамау.
Елімізде жыл сайын 15 мың адамның жүрек қан тамырларына стент қойылады. Бұл тұрғыда Шымкент жүрек орталығы жүрекке стент орнатуда еліміз бойынша бірінші орында екен. Яғни, бұл арқылы тарылып қалған артерия тамырлары кеңейтіледі. Соның нәтижесінде жүректің қан айналысы қалпына келеді. Олар адам ағзасында өмір бойы қалады.
Дәрігерлер аурулардан сақтанудың ең тиімді тәсілі, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану дейді . Сондай-ақ тамақтану әдеттерін өзгертіп,қалыпты режим қалыптастыруға кеңес береді.
Еске салсақ, орталықта жасалған әржүрек трансплантациясы сәтті жасалады.
Мәселен, донорлық жүрек Тараз қаласынан жедел түрде, 1,5 сағаттан аспайтын уақытта жеткізілді. Реципиент – 41 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығы бойынша еңбек етеді. Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген.
Донорлық органды алу, оны тасымалдау және жүректі ауыстыру операциясы барлық медициналық әрі этикалық талаптарға толықтай сай жүргізілді.
Күрделі ота Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаевтың @darkhansuigenbaev жетекшілігімен және Тараз қаласындағы әріптестердің, UMC командасының, сондай-ақ тартылған барлық қызметтердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті аяқталды
Бұл оқиға — Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең болып табылады. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.
Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Жүрек орталығының білікті дәрігерлер командасы екі рет ағза алмастыру отасын сәтті өткізіп, қос науқасқа жаңа өмір сыйлаған болатын.