23.04.2026
Жүйнек-1
2025 жылдың І жарты жылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жүйнек ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелер және алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды. Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық әкімдік өкілдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Кездесу аясында Жүйнек ауыл округі әкімінің орынбасары Нұрлан Әмзеев округте 2025 жылдың бес айында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың даму қарқыны мен жоспарлы жобалар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, есептік кезеңде ауыл округінде бірқатар оң өзгерістер мен маңызды жобалар жүзеге асырыла бастаған.
Нақты айтқанда, Жүйнек ауыл округінде биыл жалпы құны 4,28 млрд теңгені құрайтын 36 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл жобалар негізінен ауылды көркейту, инфрақұрылымды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
Нәтижесінде жаңа 267 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі 10 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында 200 орынды балабақша, заманауи спорт кешені, газ және электр жарығы желілері салынуда.
– Жүйнек ауыл округі – ауданымыздағы әлеуетті аумақтардың бірі. Инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымдық бастамалар ауыл өмірін жақсартуға бағытталған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады, – деп атап өтті жиынды қорытындылаған Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *