Түркістан облысының Сауран ауданында облыстық маңызы бар КХ-59 Түркістан–Қарнақ тасжолының бойындағы көпірдің күрделі жөндеуі аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, көпірдің ел игілігіне берілуімен тұрғындарды құттықтады, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жалпы ұзындығы 72 метр, ені 9 метрді құрайтын көпір – Сауран ауданы аумағындағы көлік қатынасының маңызды нүктелерінің бірі. Күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталды. Жоба аясында ескі көпір толық бұзылып, 72 дана темірбетон қада қағылды. Ұзындығы 24 метр болатын 27 дана темірбетон плита орнатылды, жаңа қоршаулар мен асфальт төселді. Құрылыс кезінде ұзындығы 820 метрлік айналма жол салынды.

Жөндеу жұмыстары Түркістан облыстқ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүргізілді. Бұл көпір тек көлік қозғалысын қамтамасыз ететін нысан ғана емес, ауыл мен қала арасындағы экономикалық, әлеуметтік байланысты нығайтатын, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынасын қамтамасыз ететін маңызды құрылым.

Алдағы уақытта да Сауран ауданында тұрғындар өмірін жеңілдетуге бағытталған сапалы инфрақұрылымдық жобалар жалғасын табады.

В Сауране введен в эксплуатацию мост
В Сауранском районе состоялась торжественная церемония открытия моста на автодороге областного значения КХ-59 Туркестан–Карнак после капитального ремонта. В мероприятии принял участие первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов, который поздравил жителей с завершением работ и рассказал о проектах, реализуемых в рамках развития инфраструктуры региона.
Мост длиной 72 метра и шириной 9 метров является важной транспортной артерией Сауранского района. Капитальный ремонт начался в 2024 году и был полностью завершён в 2025 году. В рамках проекта старый мост был полностью демонтирован, забито 72 железобетонные сваи, установлены 27 железобетонных плит длиной по 24 метра, смонтированы новые ограждения и уложено асфальтовое покрытие. На период строительства был построен объездной путь длиной 820 метров.

Ремонтные работы проводились по заказу Управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области. Этот мост не только обеспечивает транспортное сообщение, но и укрепляет экономические и социальные связи между селом и городом, создавая безопасные и комфортные условия для передвижения жителей.

В будущем в Сауранском районе продолжится реализация качественных инфраструктурных проектов, направленных на улучшение жизни населения.