19.04.2026
IMG_3532

Әйел – отбасының берекесі мен бақытын ұйыстыратын, қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген асыл жандардың бірі. Көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сарыағаш ауданы аумағында нәзік жандыларға құрмет көрсету мақсатында мерекелік құттықтау шаралары ұйымдастырылды.

Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қала тұрғындарын көктем мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сарыағаш қаласы аумағындағы «Алып» сауда қалашығы нысанында еңбек етіп жүрген саудагер әйелдер де мерекелік құттықтауға ие болды. Аудан басшылары саудагерлер мен қала тұрғындарына көктемнің белгісі саналатын раушан гүлдерін сыйға тартып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *