19.04.2026
6880bb48597d0

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғындардың 80 пайыздан астамы, яғни 1 миллионнан астам адам сақтандырылған. Келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін сақтандыру жарналарын төлейтін болады. Бұл жаңашылдық әлеуметтік осал топтарды медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да жергілікті бюджет есебінен сақтандыру жүйесіне қосылады. Бұл өзгерістер жергілікті әкімдіктердің халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, кедейлікті азайту секілді әлеуметтік-экономикалық бағыттардағы жауапкершілігін арттырады. МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге орай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының мамандары Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алаш базарында тұрғындармен кездесіп, заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде халыққа жаңашылдықтардың маңызы мен артықшылықтары кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғындардың 80 пайыздан астамы, яғни 1 миллионнан астам адам сақтандырылған. Оның ішінде 700 мыңнан астам азамат жеңілдік санатына жатады және олардың жарнасын мемлекет төлейді. Дегенмен, 237 492 адамның сақтандыру мәртебесі жоқ, оның ішінде 56 мыңнан астамы – әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар. Жаңа өзгерістер медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Шымкент қаласында осы бағыттағы түсіндіру және халықты МӘМС жүйесінде қамту жұмыстары жалғасуда.
Енді бес жылдың ішінде өз бетінше және үзіліссіз жарна төлейтін азаматтар уақытша төлемдер болмаған жағдайда да алты ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтай алады.
Бұрын бұл мерзім небәрі үш ай болатын. Бұл әділ және маңызды шешім жүйеге тұрақты қатысатын және уақытша қиындықтарға тап болғандарды қолдайды.Оған қоса, МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру ұсынылады.
Қазір орташа жалақысы 300 мың теңге болатын қызметкерлер МӘМС жарнасын 6 мың теңге немесе табыстың 2% деңгейінде төлейді. Ал орташа жалақыдан 5 есе жоғары 1,5 млн теңге табыс алған кезінде 10 ЕТЖ (850 мың теңге) жоғарғы шегі іске қосылады, сондықтан жарна 17 мың теңгеден немесе табыстың 1,1%-ынан аспайды. Орташа жалақыдан 10 есе жоғары 3 млн теңгедегі табыстан МӘМС жарнасы 17 мың теңгеге немесе табыстың 0,6%-на тең болып қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *