19.04.2026
68820a38086c9

ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалының қызметкерлері МӘМС туралы заңға енгізілген осы және өзге де маңызды өзгерістер туралы ақпараттандыру мақсатында қаладағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жаңа маңызды өзгеріс күшіне енді. Енді сақтандыру жарнасын кемінде бес жыл қатарынан төлеген азаматтар үшін жарна аударуда уақытша үзіліс болған күннің өзінде МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебе алты айға дейін сақталады. Бұған дейін бұл мерзім 3 аймен шектелетін. Мәселен, бірнеше жыл бойы тұрақты жұмыс істеп, жарна төлеген азамат күтпеген жағдайда жұмыссыз қалып немесе табыссыз қалған жағдайда жүйеден шығып қалмайды. Медициналық қызметтерді сол күйі ала береді. Бірақ кейінірек, үзіліс болған айлардағы берешекті өтеу міндетті. ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалының қызметкерлері МӘМС туралы заңға енгізілген осы және өзге де маңызды өзгерістер туралы ақпараттандыру мақсатында қаладағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесуде. Сала мамандары қоғамдық көлік компаниялары, Shymkent bus, Санжар – Моторс компаниялары мен Лексус орталығы сынды бірқатар еңбек ұжымдарында болып, жүйедегі жаңа нормаларды кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында жұмыскерлер жаңа нормалардың қарапайым азаматтарға қандай пайдасы барын талқылап, өзекті сауалдарына жауап алды. Бұл бастама МӘМС жүйесіне деген сенімді арттырып, халықты үздіксіз медициналық көмекпен қамтудың кепілі болмақ. Қор филиалының өкілдері мұндай түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратындарын жеткізді.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы Жолдауында азаматтардың денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Бірыңғай медициналық көмек пакетін» жасауға ерекше назар аударған болатын.

Қабылданған өзгерістерге сәйкес, онкологиялық скринингтер 2026 жылдан бастап ТМККК тізіміне өтеді және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады. Сондай-ақ, 8 әлеуметтік мәні бар ауруға (туберкулез, АИТВ, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, орфандық аурулар, жедел миокард инфаркті, инсульт) күдік туындаған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек те тегін көрсетілетін болады. Бұған дейін мұндай көмек тек АИТВ мен туберкулезге күдік болғанда ғана ұсынылатын.

2026 жылдан бастап МӘМС-тің базалық пакетіне амбулаторлық диализ, сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы аурулардың 12 тобы бойынша консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы түрде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек кіреді. Аталған аурулар тізбесіне бауыр аурулары; қан мен қан түзуші ағзалар аурулары; жоғарғы асқорыту жолдарының аурулары; инфекциялық емес энтерит пен колит; артропатиялар, дорсопатиялар; қалқанша безі аурулары; қуық асты безінің гиперплазиясы; сүт безінің қатерсіз дисплазиясы; әйелдердің жыныс мүшелерінің қабынусыз аурулары; бронхөкпе дисплазиясы; жүректің туа біткен ақаулары; даму ақаулары жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *