19.04.2026
наурыз (1)
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудан прокуроры Алмаз Асылбеков Әз-Наурыз мерекесіне орай балаларға қуаныш сыйлады. Балғындарға орай «Наурыз шуағы» мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Сауран ауданының әкімі мен аудан прокуроры жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

“Біз балаларымыздың жарқын болашағы үшін әрдайым қолдау көрсетіп, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге күш саламыз. Бұл іс-шарада балаларымыз ұлттық құндылықтарымызды сезініп, мерекелік көңіл күйге бөленуде. Олардың жүзіндегі қуаныш – біз үшін ең үлкен сый”, – деді аудан әкімі.

Оқушыларды аудан прокуроры Алмаз Асылбеков те құттықтады.

“Мереке қарсаңында балаларға қуаныш сыйлау, олардың көңілін көтеріп, жақсы әсер қалдыру – біздің басты мақсатымыз. Өйткені, балалардың жүзіндегі күлкі мен бақыт – біз үшін баға жетпес сыйлық. Осы ұйымдастырылған іс-шара да осы игі мақсатқа бағытталды”, – деп атап өтті аудан прокуроры.

Мерекелік жиын аясында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оларға арнайы сыйлықтар тарту етілді. Кешке жиналған бүлдіршіндер көңілді әндер мен билерді тамашалап, ерекше әсер алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *