Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспары бекітілді.
Осыған орай Сауран ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Асқар Дайрабаев және бөлімнің бас инспекторы Ермек Өмірбеков Шаға және Үшқайық ауылды округтері әкімдігінің аппараттарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шара барысында Сауран ауданы әкімдігі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуі жөнінде тиісті нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, әкімдік ғимараттарының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына бейімділігі тексерілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша мекеме басшыларына тиісті ескертулер берілді.