19.04.2026
682dc7616c5bb

Түркістанда IT парк салынады. Бүгінде аталған жобаны іске асыру жұмысы пысықталды Өңір басшысы инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен ІТ парк салу бойынша кезекті рет келіссөз жүргізді. Кездесуде жобаны Түркістанда жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. – ІТ парк салу мәселесін терең пысықтап, жан-жақты талқылаған жөн. Нақты келісімге келгеннен кейін жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді, сол арқылы өз міндеттемелерімізді жүйелеуді ұсынамын, – деген Нұралхан Көшеров инвестордың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

ехнологиялық парк кезең-кезеңмен жүзеге асады. Мамандардың айтуынша, алдымен Түркістанда IT паркті басқаратын штаб-пәтер құрылады. Онда цифрлық көрме залдары мен жергілікті мамандарды даярлайтын орталық орналасады. Одан кейін арнайы экономикалық аймақта оптикалық кабельдер, электроника, компьютерлік және электр жабдықтарын шығаратын кәсіпорын салынады. Сонымен бірге электромобильдерге техникалық қызмет көрсететін орын пайда болады.
IT-парк аумағында мынадай нысандар орналастырылмақ:

  • электроника және компьютерлік техника саласындағы өндіріс кәсіпорындары;
  • тұрмыстық техника мен электр құрылғыларын құрастыру және жөндеу орталықтары;
  • оптикалық кабель шығару зауыты;
  • электромобильдер мен зарядтау станцияларын жөндеу бойынша сервис орталықтары;
  • жасанды интеллект бағытындағы шешімдерді әзірлеуге арналған жобалар.

IT-парктің құрылуы өңірде жоғары технологиялық салалардың дамуына, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін береді деп күтілуде.

Егер келіссөз жүзеге асса, құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін айрықша серпін бермек. Жоба аясында электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника шығару жоспарланған. Электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделген. Сонымен бірге жасанды интеллект игілігін көру бағытында жобалар жүзеге аспақ. Қос тарап келіссөздерді одан әрі нақтылап, зерделеуге уағдаласты.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *