09.07.2026
718510772_1324149306570634_1948078670387476296_n

Түркістан облысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің 2026 жылғы жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, лагерь демалушыларымен еркін пікір алмасып, олардың шығармашылық жұмыстары мен жетістіктерімен танысты. Өңір басшысы балаларға жылы лебізін білдіріп, жазғы демалыс маусымының ашылуымен құттықтады.
Мерекелік іс-шара барысында лагерь аумағында балаларға арналған түрлі шығармашылық және танымдық алаңдар ұйымдастырылды. Қонақтар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарымен танысып, жас суретшілердің көрмесін тамашалады. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды насихаттайтын киіз үй, қолөнер бұйымдары, құмыра жасау, ағаш ою және домбыра үйірмелерінің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара аясында балаларға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан жас өскіннің қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, шахмат жиынтықтары, көркем сурет салуға арналған мольберттер, ұлттық өнерді дәріптеуге арналған домбыра, сондай-ақ спорттық және зияткерлік құрал-жабдықтар сыйға берілді.
Сонымен қатар «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында лагерь кітапханасының қорын толықтыру мақсатында 100 көркем әдеби кітап тарту етілді. Бұл бастама балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына серпін береді.
Мерекелік бағдарлама концерттік қойылымдармен жалғасты. Облыс мектептері мен өнер ұжымдарының бишілері мен әншілерінің өнер көрсетуі, патриоттық әндер мен лагерь демалушыларының флешмобы қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында балаларға тәтті тосынсый ретінде балмұздақ таратылып, ел ағаларымен естелік суретке түсу рәсімі ұйымдастырылды.
Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың демалыс кешені былтыр қайта жаңғыру бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп, 10 модульді жатақханасы пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 20 балаға арналған жатын орынмен қамтамасыз етілген. Түгелдей жаңа жиһаздар мен төсек орындары бар. Әр баланың жеке киімдерін салатын шкафтары әзірленген. Бөлме іші жарық, әрі заманауи үлгіде безіндірілген. Лагерьдің алғашқы ауысымына 350 бала қабылданды. Оның ішінде 250 бала Түркістан қаласының, 100 бала Сауран ауданының оқушылары. Қалған балалар лагерьдің жаңартылған алдынғы корпусында тынығады. «Балауса» жазғы сауықтыру орнында 7 лекпен жалпы 2 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарға енді.
«Балауса» лагерінің жазғы маусымының ашылуы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа достар табуына мүмкіндік беретін мазмұнды жазғы демалыстың бастауына айналды.Сонымен қатар, лагерьде балалардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы медицина қызметкерлері мен тәрбиешілер тәулік бойы кезекшілік атқарады. Барлық аумақ санитарлық талаптарға сай жабдықталып, асхана мен жатын корпустарда тамақтану және гигиена нормалары қатаң сақталуда.

Жазғы маусым барысында балалар үшін спорттық жарыстар, интеллектуалдық викториналар, шығармашылық байқаулар және түрлі үйірме сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне ғана емес, олардың қабілеттерін ашуға және жаңа дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта «Балауса» лагерінде экологиялық тәрбие, отансүйгіштікке баулу және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған арнайы тақырыптық күндер де өткізіледі. Мұндай кешенді бағдарлама балалардың рухани және зияткерлік дамуына оң әсер етіп, жазғы демалысты мазмұнды әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасайды.Сонымен қатар, лагерь аумағында балалардың дене белсенділігін арттыруға арналған спорттық алаңдар толық пайдалануға беріліп, футбол, волейбол және жеңіл атлетика бағыттары бойынша жаттығулар жүйелі түрде өткізіледі. Бұл балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына және спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Лагерь жұмысына жергілікті өнерпаздар мен тәжірибелі педагогтар тартылып, шеберлік сабақтары ұйымдастырылуда. Әсіресе ұлттық өнер, қолөнер және музыка бағыттарындағы үйірмелер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері жан-жақты дамытылуда.

Жалпы, «Балауса» жазғы сауықтыру лагеріндегі мұндай мазмұнды әрі жүйелі жұмыстар балалардың жазғы демалысын тиімді өткізіп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, жаңа достық қарым-қатынастар орнатуына және өмірлік тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *