19.04.2026
684024e83e5b9

Бұл – шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Келестік жас түлек Еуропа елдеріне оқуға шақырту алды. Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы шетелдік жоғары оқу орындарынан бірнеше халықаралық білім грантына ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Білімге деген құлшынысы мен табандылығының арқасында жас талапкер Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Атап айтқанда, ол John Cabot University (Италия, Рим) университетінен 50% оқу грантына, American University of Paris (Франция) университетінен 70% оқу грантына, LCC International University (Литва) оқу орнынан жартылай оқу грантына, сондай-ақ Xiamen University Malaysia университетінен 4 жылдық толық оқу грантына шақырту алды. Бұл – шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі мен тәлім-тәрбиесі үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық. Қазіргі таңда Әбубәкір Арманұлы Түркия үкіметінің Türkiye Bursları халықаралық шәкіртақы бағдарламасы, Болгариядағы American University in Bulgaria, сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де оң нәтиже күтуде.

Еске салсақ, осыған дейін  Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинағаны туралы хабарлаған едік.  Ордабасы ауданының тұрғыны, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия түлегі Әбілхан Жәнібек Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже — 140 ұпай жинады.

Жәнібек ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған. Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, өз күшімен үздік нәтижеге жеткен ол табандылықтың, еңбекқорлық пен жүйелі дайындықтың үлгісін көрсетті.

— Жәнібек Асқарұлы — өз арманына сеніммен қадам басқан, жауапкершілігі жоғары, уақытты тиімді пайдалана білетін ізденімпаз жас. Оның бұл жетістігі өзге оқушыларға үлкен үлгі бола алады. Біз Жәнібекті шын жүректен құттықтап, алдағы білім жолында биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз, — делінген еді Түркістан облысы Білім басқармасы таратқан хабарламада.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *