Шымкент қаласының медицина мамандары Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің Каунас клиникасында біліктілік арттырып келді. Оқыту бағдарламасы акушерлік, неонатология, хирургия, онкология, анестезиология және реанимация бағыттарын қамтыды. Бағдарлама барысында 33 дәрігер теориялық дәрістермен қатар клиникалық бөлімшелерде іс-тәжірибеден өтіп, заманауи халықаралық емдеу әдістерін меңгерді. Мамандар клиникаларда акушерлік шұғыл көмек, неонатология қарқынды терапиясы, анестезиология және реаниматология, торакальды және эндовидеолапароскопиялық хирургия, онкологиялық ауруларға ерте диагностика жасау және паллиативті көмек, сондай-ақ, нейрохирургия бағыттары бойынша біліктілік арттырды. Литвадағы оқу кәсіби білімді тереңдетуге, халықаралық деңгейдегі тәжірибені арттыруға және еуропалық медициналық қызмет көрсету стандарттарымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе өңірдегі медициналық қызметтің сапасын арттыру мен тиімділігін жоғарылатуға оң ықпал етеді.
Жалпы 2025 жылы медициналық кадрлардың кәсіби даярлығын жетілдіруге 381,9 млн теңге қарастырылып, 374 маманды оқыту жоспарланған. Оның ішінде шетелдік тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Ресейде – 19, Беларусь Республикасында – 2, Литва Республикасында – 33 маман білім алады. Шымкент қаласында медицина саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Заманауи оқу-әдістемелік, симуляциялық және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген жетекші шетелдік клиникалар мен оқу орталықтарында ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне жоғары білікті мамандардың тұрақты келуін қамтамасыз етуде. 2023 жылы бұл мақсатқа 183,1 млн теңге қаржы бөлініп, 48 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Оның ішінде Израильде – 16, Түркия Республикасында – 32 маман оқыды. 2024 жылы оқытуға 201,9 млн теңге бағытталып, барлығы 165 дәрігер біліктілігін арттырды. Олардың қатарында Ресей Федерациясында тәжірибе жинаған 45 маман және Ресейден шақырылған тәлімгерлер өткізген шеберлік сабақтарына қатысқан 120 маман бар. 2025 жылы медициналық кадрлардың кәсіби даярлығын жетілдіруге 381,9 млн теңге қарастырылып, 374 маманды оқыту жоспарланған. Оның ішінде шетелдік тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Ресейде – 19, Беларусь Республикасында – 2, Литва Республикасында – 33 маман білім алады. Сонымен қатар, шетелдік тәлімгерлердің қатысуымен өтетін оқыту курстары арқылы Ресейден – 250, Беларусьтен – 40 және Литвадан – 30 маман жергілікті дәрігерлермен тәжірибе бөліседі. Бұл шаралар медициналық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи білім беру технологияларын денсаулық сақтау саласына енгізуге және Шымкент тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.