21.04.2026
600

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда өндірілген барлық дәрілік өнімдер цифрлық таңбалауға міндетті болды. Бұл шара дәрілік заттардың айналымының ашықтығын, заңсыз өнімдердің жолын кесуді және тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді

Шымкент: толық интеграция және цифрлық бақылау
Шымкент қаласында бұл жүйе толық енгізілді:

Қаладағы 66 медициналық ұйым (оның ішінде 26 мемлекеттік және 40 жеке меншік мекеме) 2D сканер мен деректер жинау терминалымен жабдықталып, ақпараттық жүйелерге — Қазақтелеком мен CҚ-Фармация — 100%-ға интеграцияланды

184 бөлшек сауда субъектісі (дәріхана) 2D сканермен жабдықталып, жүйеде тіркелді.

38 дәрілік қойма 100%-ға цифрлық таңбалау жүйесіне қосылып, әрбір жөнелту мен қабылдау сәтінде бақылау жүргізілуде

Жүйені енгізудің басты артықшылықтары
Өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі әр дәрілік қаптаманың жеке коды арқылы бақылау мүмкіндігі жүзеге асты – бұл шынайылықты растайды және қауіпсіздікті арттырады

Контрафактілік және жалған өнім айналымына қарсы тиімді құрал ретінде таңбалау еңбек етіп келеді

Атап айтқанда, таңдаулы дәрілер қатарына: этил спирті, ацетилсалицил қышқылы, парацетамол, натрий хлориді, Цитрамон П сынды жиі қолданылатын

Қазақстанда бір жыл ішінде 417 млн дәрілік қаптамасы таңбаланып, олардың 107 млн-ы сатылды.

Шымкентте кеңінен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр
2024 жылдың мамыр айында Шымкент, Түркістан және Сарыағаш қалаларынан келген медициналық ұйымдар мен дәріхана қызметкерлері арнайы семинарға қатысқан. Олар таңбалауды енгізу тәртібі мен ақпараттық жүйемен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренген.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті, «Атамекен» Палатасы және фармацевтикалық қауымдастық өкілдерін тарта отырып, түсіндіру және ақпараттық-әдістемелік жиналыстар өткізілген

Қорытынды – цифрлік таңбалау: Шымкент тәжірибесі
Шымкент қаласы — цифрлық таңбалауды табысты енгізген өңірлердің бірі. Бұл бастама келесі нәтижелерді қамтамасыз етеді:

Пациенттерге дәрінің түпнұсқалығы мен қауіпсіздігі жайлы нақты ақпарат алу,

Қара нарық пен жалған өнімді жою,

Дәрі айналымының барлық кезеңін нақты уақыт режимінде бақылау.

Бұл – денсаулық сақтау саласында сенімділік пен ашықтықты қамтамасыз ететін, заманауи технология мен тиімді жүйені біріктірген нақты табыс.

 

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *