ҚР халқына наркологиялық және токсикологиялық көмекті жетілдіру шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі – психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкогольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады. Алғаш рет ашылған “Науқастар мектебінде” аясында денсаулық орталығының мамандары психо белсенді заттарға тәуелді науқастар мен жанұсындағы азаматтармен кездесіп,
кәсіби кеңестерін берді. Сондай-ақ, орталыққа келушілер психологтарға сұрақтар қойып, тәуелділік мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері туралы біле алды.
“Науқастар мектебінде” білікті психолог, психотерапевт, психиатр және нарколог-дәрігерлері тақырыптық дәріс береді, түрлі емдеу шаралар аясында кеңестерін береді.
Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығы 435 – орынға лайықталған. Оған қосымша Күндізгі бөлімше 25 төсек-орынды және емхана жұмыс істеуде. Орталықта жалпы наркологиялық, психиатриялық бөлімшелер, оңалту және жасырын емдеу бөлімшесі бар. Мұнда жоғары білікті дәрігерлер нашақорлық пен алкогольге тәуелді адамдардың түзу жолға түсуіне көмек қолын созады.
Шымкентте алғаш рет медициналық ұйымда «Әмбебап прогрессивті патронаж» моделін оқыту бойынша оқу – симуляциялық орталығы жұмысын жалғастыруда.
№5 емхана базасында ашылған орталықта қаланың патронаж медбикелері біліктіліктілік арттыра алады. Бұл үшін мұндағы оқу барысында теориялық білімдерін ЮНИСЕФ бағдарламасы ұсынған 22 модул бойынша әмбебап прогрессивті патронаж моделі бойынша, емхана деңгейінде жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларды қамту бойынша үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Симуляциялық орталық- оқыту жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен қамтылған.
Сондай-ақ орталықта тәжірибелік сабақтар, әр түрлі жағдайдағы мәселелерді шешу, тестілеу, өзіндік жұмыс, отбасына кеңес беру, қауіп – қатерді шешу қарастырылған, эко карталар жасау, қосымша тамақ дайындау жолдарын, шұғыл көрсетуді ресурстық бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, әмбебап прогрессивті модель патранаждағы мейіргердің жұмысын жетілдіруге зор мүмкіндік береді.