19.04.2026
Шорнақ (1)
2025 жылдың І жарты жылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Шорнақ ауыл округінің әкімі Бердалы Баймұратов жылдың негізгі нәтижелері мен атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді.
Бердалы Баймұратов өз сөзінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, инфрақұрылымдық мәселелер мен тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында қолға алынған бастамаларды баяндады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығына 1,8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, жаңбырлатып суғару технологиялары енгізілді, техникалар жаңартылды.
Салық түсімдері жоспардан артық орындалып, 51 отбасыға әлеуметтік және демеушілік көмек көрсетілді. Қосмезгіл, Шорнақ, Аша елдімекендерінде жолдарға тас төсеу, жарықтандыру, спорт және ойын алаңдарын жөндеу, көшет отырғызу, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, округ бойынша 374 жас әскер қатарына шақырылып, олардың бір бөлігі әскери борышын өтеуге аттанды.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров округтің жетістіктеріне оң бағасын беріп, алдағы уақытта да тұрғындар өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Кездесу соңында тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, аудан басшысы ұсыныс-тілектерді жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *