19.04.2026
Шахмат

Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше іс-шара өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен Чернобыль және Семей полигоны ардагерлерінің бірлестігі ұйымдастырған шахмат жарысы жоғары деңгейде өтті.

Бұл жарысқа қаламыздың қадірменді зейнеткерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлеріміздің қоғамдағы белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, сондай-ақ олардың арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту.

🔸 Зияткерлік додада ардагерлер шеберліктерін көрсетіп, қызықты партиялар өткізді.
🔸 Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
🔸 Жарыс соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті.

Осындай тағылымы мол, рухты көтеретін шаралар көп болғай. Ардагерлерімізге алғысымыз шексіз.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *