Таза аула, көрікті көше – біріккен істің нәтижесі
Сауран ауданы Майдантал ауылының Ынталы елдімекенінде сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Сәкен Сейфуллин көшесінің тұрғындары белсенді түрде атсалысты.

Сенбілікке 40-қа жуық адам қатысып, аумақты тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар көшелер мен аулаларды тазалап, күл-қоқыстарды шығарды, ағаш түптерін әктеп, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты.
Сенбілік жұмысына ауыл әкімдігінің қолдауымен 2 техника да жұмылдырылды. Бұл жүк көліктерімен жиналған қоқыс шығарылды және топырақ тасымалданды.