19.04.2026
сыбайлас
Түркістан облысы Сауран ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық жасап, сала жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.
Алғашқы тақырып мәдениет саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі жемқорлық тәуекелдеріне арналды. Бұл тақырып бойынша Жанар Жұмабекова сөз сөйлеп, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуде сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау маңызды екенін атап өтті.
Кәсіпкерлік пен бизнестің дамуына кедергі келтіретін жемқорлық мәселелері де назардан тыс қалмады. Сұлтанғали Шакиров осы бағытта атқарылған жұмыстар мен кездесетін кедергілер жөнінде баяндады.
Соңғы мәселе ретінде Ескі Иқан ауылды округінің 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының І тоқсандағы орындалу барысы қаралды. Ауылды округтің әкімі Дилшод Саитов есеп беріп, жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады.
Жиын қорытындысында комиссия мүшелері жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *