19.04.2026
қабылдау
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған екі азаматтың төрт түрлі мәселесі қаралды.
Азаматтар көтерген сұрақтар негізінен жол жөндеу, интернет желісімен қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі және жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қатар, бір азамат жер телімін заңдастыру бойынша сот шешімінің орындалмауына шағымданды.
Аудан әкімі қабылдауда көтерілген әр мәселе бойынша жауапты бөлім басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, атқарылған жұмыстар туралы түсіндірме берілді.
Әкім барлық ұсыныс-өтініштердің бақылауға алынатынын атап өтіп, тұрғындардың талап-тілегі заң аясында шешілетінін жеткізді.
Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауы тұрақты түрде әр аптаның жұма күні сағат 11:00-13:00 аралығында өтеді.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *