23.04.2026
Бабайқорған (1)
Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс жоспарына сәйкес Бабайқорған ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында ауыл округінің даму мәселелері талқыланып, өзекті сұрақтар көтерілді. Жиында ауыл округінің әкімі Жасұлан Мыңтаев 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында ауыл округінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.
Ауыл округі әкімінің мәліметінде, округтің бюджеті 112,6 млн теңге көлемінде бекітіліп, 5 айда сол бюджеттің 48,5 млн теңгесі игерілді. Салықтан жиналатын түсімдер жоспары 222 пайызға артығымен орындалып, жалпы көлемі 12,3 млн теңге өндірілді.
Бабайқорған ауыл округіндегі мал шаруашылығында 4050 ірі қара, 33 356 ұсақ мал, 2067 жылқы тіркелсе, ауыл шаруашылығы мақсатында 2220 гектар жерге түрлі дақылдар егілді.
Ауылдарда ифрақұрылымды дамыту бағытында 15 аялдама абаттандырылып, тротуарлар төселді, балалар және спорт алаңшалары орнатылды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе, ауыл шаруашылығына қатысты нақты қадамдар күтілетіні айтылды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі мен ауыл әкімі тұрғындар көтерген мәселелерді назарға алып, алдағы жұмыс жоспарларына енгізетінін атап өтті.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *