19.04.2026
61485a3b5472b613363319

Күз мезгілімен бірге тыныс алу жолдарының жұқпалы аурулары, оның ішінде тұмау өрши түсетіні белгілі. Осыған байланысты елімізде жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Шымкент қаласындағы №6 қалалық емханада тұрғындарды қауіпті инфекциядан қорғау мақсатында 27 қыркүйектен бастап екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Тұмау — жай ғана ЖРВИ емес
Тұмау – тез таралатын, вирустық сипаттағы өте жұқпалы ауру. Ол тыныс алу жолдарын зақымдап қана қоймай, ағзаның басқа да жүйелеріне кері әсер етеді. Әсіресе балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар науқастар мен егде жастағы азаматтар үшін тұмау қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Оның ішінде:

өкпе қабынуы (пневмония),бронхит, отит, жүрек-тамыр ауруларының асқынуы, ағзаның жалпы әлсіреуі.

Сондықтан инфекционист дәрігерлер мен эпидемиологтар тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – уақтылы екпе алу деп отыр.

№6 емханада қандай вакцина егілуде?
Шымкенттегі №6 қалалық емханада биыл “Гриппол” атты көпвалентті тұмауға қарсы вакцина қолданылуда. Бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес таңдалып алынған және: H1N1,, H3N2, B типіндегі тұмау вирустарына қарсы иммунитет қалыптастырады. Вакцина Ресейде өндірілген, қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген.

Вакцинация қай жерде жүргізіледі?
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін емхананың 230-кабинетінде арнайы вакцинациялау пункті ұйымдастырылған. Екпе егу кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талаптар мен екпе салу хаттамалары қатаң сақталады.

Кімдерге екпе ұсынылады?
Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық сақтандыру қоры тарапынан қауіп тобына жататын азаматтарға вакцина тегін ұсынылады. Олар:

медицина қызметкерлері;

6 айдан асқан балалар;

жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі); 65 жастан асқан зейнеткерлер; созылмалы аурулары бар (жүрек, қант диабеті, тыныс жолдары) науқастар; мектеп және балабақша қызметкерлері; әскери қызметкерлер мен жабық мекеме тұрғындары.

Екпе алғаннан кейін ағзада 2 апта ішінде тұрақты иммунитет қалыптасып, ол 6-12 айға дейін сақталады.

Екпенің тиімділігі мен маңыздылығы
Мамандардың айтуынша, жыл сайын тұмауға қарсы екпе алған азаматтардың арасында аурудың асқынуы 60%-ға дейін төмендеген. Сонымен қатар:

жұмысқа жарамсыздық деңгейі азаяды; ауруханаға жатқызу жағдайлары сирейді; ұжымдық иммунитет қалыптасады; инфекцияның таралу қаупі күрт төмендейді.

Шымкент қаласының тұрғындарына қауіпсіз маусымдық кезеңді қамтамасыз ету – басты мақсат. Дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинацияға белсенді қатысуға шақырады.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *