19.04.2026
инфрақұрылым (2)
2025 жылдың І жарты жылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауыл округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесуде округ әкімі Болат Сенбеков соңғы кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баяндама жасады.
Биыл округте инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Ауыз су жүйесі жаңартылып, тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таба бастады. Сонымен қатар, білім беру саласында да оқушылардың қауіпсіз және қолайлы ортада білім алуына жағдай жасау бағыты талқыланды.
Кездесу барысында тұрғындар ауыз су, жарықтандыру, интернет байланысы және білім сапасы бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бұл мәселелер аудан әкімдігінің бақылауына алынып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Алдағы кезеңде Үшқайықта инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын көбейту, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және білім беру жүйесін нығайту бағытында нақты жоспарлар жүзеге асырылады.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *