19.04.2026
6878ff4e6beac

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, бірыңғай мемлекеттік медициналық көмектің пакеті қалыптастырылады. Қазақстанда медициналық көмекті қаржыландыруда жаңа модельге көшу басталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы өкілдері қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер мен медициналық сақтандыру аясында атқарылған жұмыс туралы өткен брифингте кеңінен тарқатып айтып берді. Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, халықтың қажеттілігі мен бюджеттік мүмкіндіктерді ескерген өзгерістерді ұсынды.

Енді 2026 жылдан бастап елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арасындағы шекара нақты ажыратылады. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, бірыңғай мемлекеттік медициналық көмектің пакеті қалыптастырылады. Бұл пакет келесідей мақсаттарды көздейді: медициналық қызметтер тізбесінің ашықтығы мен түсініктілігі, қызметтердің қайталануын болдырмау, онкологиялық және әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезеңде анықтау, пациенттерге тиімді әрі сапалы көмек көрсету. Енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді болады. Сонымен қатар, туберкулез, АИТВ инфекциясы сынды дерттерге диагностика тегін жүргізіледі. Медициналық көмек түрлері нақты анықталып, жедел жәрдем, вакцинация, паллиативтік көмек, әлеуметтік аурулар кезінде алғашқы тексеру, шұғыл жағдайлар – бәрі базалық пакетке енеді. Жаңа жүйе ресурстарды оңтайлы қайта бөлуді және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мұндай үлгілер шетелдік тәжірибеде де бар: мысалы, Ресей мен Эстонияның үлгісінде белгілі бір аурулар ғана тегін, ал Германия мен Нидерландыда тек мейіргерлік күтім қарастырылған. Осылайша, еліміздегі бірыңғай пакет – азаматтардың денсаулығына қолжетімділік пен сенімділікті қамтамасыз ететін нақты қадам.14 шілде Мемлекет басшысы МӘМС туралы Заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Жетісу облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы мен Денсаулық сақтау басқармасы әрбір азаматтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және медициналық көмекті қаржыландырудың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған заңдағы жаңа өзгерістер туралы түсініктеме берді.

2026 жылдан бастап медициналық көмектің бірыңғай пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталады. Бұл ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажыратуды, аурулардың ерте профилактикасының қолжетімділігін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік туындаған жағдайда тегін зерттеп қарауды қамтамасыз ететін болады.

Оған қоса, МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру ұсынылады.
Қазір орташа жалақысы 300 мың теңге болатын қызметкерлер МӘМС жарнасын 6 мың теңге немесе табыстың 2% деңгейінде төлейді. Ал орташа жалақыдан 5 есе жоғары 1,5 млн теңге табыс алған кезінде 10 ЕТЖ (850 мың теңге) жоғарғы шегі іске қосылады, сондықтан жарна 17 мың теңгеден немесе табыстың 1,1%-ынан аспайды. Орташа жалақыдан 10 есе жоғары 3 млн теңгедегі табыстан МӘМС жарнасы 17 мың теңгеге немесе табыстың 0,6%-на тең болып қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *