30.01.2025
этнопарк
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков этносаябақты сақтап қалуға шешім шығарды. Жол құрылысын жүргізу үшін түбімен кесілетін 270 түп ағаштың бір бұтағы да сынбайтын болды. 
Бұрыңғы ипподромның орнына салынып жатқан «Атамұра» тұрғын үй кешенінен Бәйдібек би даңғылына шығатын жол салу жоспарланған. Бұл жолдың жалпы ұзындығы 218 метрді, ал ені 14 метрді құрау тиіс еді. Құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бұл мақсатқа бюджеттен қаржы да қаралып үлгерген. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталуы тиіс болатын.
Алайда, жол құрылысын жүргізу үшін этносаябақ аумағындағы 270 түп ағашты кесуге тура келетін еді. Әрі саябақтың жанынан мұндай жолдың өтуі этносаябақа демалуға келетін тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екені де белгілі болып отыр.
Міне, осы жағдайды ескере отырып, Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған жол құрылысын тоқтату жөнінде тапсырма берді. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, «Атамұра» тұрғын үй кешенін қаламен байланыстыратын жолды басқа тұстан салу үшін балама жоба әзірленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *