30.01.2025
медицина

Медициналық қызмет сапалы көрсетіліп, қолжетімді болу керек. Шымкент қаласының әкімі басқарма басшысын ертіп,  бас дәрігерлермен жолықты. Саладағы өзекті мәселелерді шұғыл шешіп, халықтың денсаулығын жақсартуда нақты тапсырмалар жүктеді.

Қалалық онкологиялық орталығында атқарылған профилактикалық шаралардың нәтижесі қуантарлық. Қатерлі ісік ауруларын I cатыда анықтау пайызы артқан. Ал науқастардың 5 жыл және одан артық өмір сүруі өскен. Жағымды жаңалықпен шаһар басшысын қарсы алған орталық дәрігердері өзгелерден іргелі келе жатқанын мәлімдеді.

Ал Асар шағын ауданындағы «Даумед Хадиша» клиникасы – жоспарлы түрде стационарлық көмек көрсетіп келеді.  Емдеу мекемесінде хирургия, нейрохирургия, гинекология, кардиология, кардиохирургия, травматология және инсульт орталықтары бар. Қала басшысы жаңадан пайдалануға берілген орталықтың дайындығымен танысты. Жеке кәсіпкердің есебінен салынған нысан УДЗ, ЭКГ, ЭФГДС, МРТ кабинеттерімен жабдықталған.

Ғабит Сыздықбеков басқарма басшысына халыққа медициналық көмек көрсетуді бастау үшін клиниканы жедел қаржыландыру тетіктерін қарастыруды тапсырды.

Қала басшысы Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында да болды. Дәрігерлер науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ «Арыс Мт» құрылғысымен емдеуде. Барокемарада күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабетіне шалдыққан пациенттерге терапиялық, хирургиялық емдер жасалады. Қала әкімі жауаптыларға ғимарат мәселесін оңтайлы шешуді жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *