31.01.2025
наубайхана

Арыс наубайханасындағы жарылыстан бір адам өліп, екіншісі ауыр хәлде жатыр.  Оқыс оқиға тапа-тал түсте қала орталығында болған.

Әуелі наубайхананың бір бөлігінен от шығып, жалыны ғимарат ішіндегі газ баллонын шарпыған. Өзбекстаннан келген екі жұмысшы газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып үлгермеген. Соның салдарынан қатты қызған газ баллоны жарылып, ғимараттың 300 шаршы метрі күл-талқан болды.

Талғат Тәжіметов, Арыс орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі: «Бүгін сағат түскі 13:00 шамасында жағдайы ауыр әйел үлкен жарақат алғанына байланысты қайтыс болды. Ер баланың жағдайы қалыпты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр».

Денесінің 70 пайызын күйік шалған 39 жастағы әйел ауруханада тілге келместен көз жұмды. Ал денесінің 35 пайызы күйген 25 жастағы екінші жұмысшы ауыр хәлде жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *