31.01.2025
WhatsApp Image 2024-11-30 at 23.15.54

фото ШӨКҚ

Шымкентте жүк тасымалының айналымы едәуір арта түскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес қаладағы көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 11717,2 млн. тонна-шақырымды құрады. Бұл мәсімет құрамына коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымы да кіреді. Бұл  2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда меже 129 пайызға жеткен.

Логистикалық жүйе бір қалыпта түсте дегенменде, жолаушылар көліктерінің орны бір бөлек. Мәселен аталған саладағы айналым көлемі 4068,2 млн. жолаушы-шақырымды құрап отыр. Статистикалық есеп өткен жылғы қаңтар-қазанмен қарағанда 94 пайызды көрсетіп тұр.

Үшінші мегаполистегі жыл басынан бергі өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 913 869 млн. теңгеге жетті. Бұл 2023 жылғы қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 2% артық.

Мамандар сөзінше қаладағы ауа ластануы төмендеп келеді. Соған себеп шаһардағы тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 14,5% кеміді. Сәйкесінше  сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 15,1% азайған.

Ал өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 2,4% артты. Сонымен қатар, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау да – 1,5% өсті. Ал үшінші мегаполис болғанына қарамастан шаруалар жемісі жаман емес. Алғашқы 10 айдың ішінде өнім былтырмен салыстырғанда 98 пайызды құрап отыр. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдері мен қызметінің жалпы шығарылымы 43402 млн. теңгені құрады.

Қаланың даму көрсеткішіне серпін берер басты фактордың бірі шеттен түскен қаражат көлемі. Бұл салада да атқарылған жұмыс аз емес. Атап айтқанда биыл жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 536361,4 млн. Теңгег ежетті. Нәтижесінде өткен жылдық алғашқы ІІІ тоқсанымен салыстырғанда жоспар 108,9 пайызға артығымен орындалды.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 30 мыңға жуықтады. Бұл 2023 жылға қарағанда  2,6 пайызға көп. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар кәсіпкерлік 28 мыңнан асып жығылады. Ал жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 23 мың бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22 мыңнан асты. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар саны 27 мыңға жуық бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,8% артты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *