Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Абай саябағында орналасқан скейтпарк құрылысы қайта жаңартылып жатыр.
Сынған граниттер ретке келтіріліп, сырғанау тақтайшалары қайта жаңартылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта скейтпарк жарықшамдары мен орындықтары және спорт алаңшалары қайта қалпына келтіріліп, қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасалынбақ.
Қазіргі таңда аталмыш жобаны ,«Cash and Port» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда, 2 жылдық кепілдік мерзімі бар.