21.02.2025
Армрестлинг

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Тәшенов атындағы университеттің студенті Нұрислам Амангелдіұлы Әлем кубогын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан, Украина, Индия, Молдова, Иран, Қырғызстан, Қытай, Грузия мемлекеттерінен келген спортшылармен күш сынасқан Нұрислам алдына жан салмады.

«Университетімізде сапалы білім алумен қатар спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған. Отызға жуық түрлі студенттік үйірме және клубтар жұмыс істейді. Соны ішінде қол күресі үйірмесінде 40-қа жуық шәкірт жаттығады. Қол күресінде білек, иық, қолдың барлық бұлшық еттеріне арналған арнайы жаттығулардың маңызы зор. Бұл орайда кір тасымен, зілтемірмен, резеңкемен көптеген жаттығулар жасаймын. Раунд немесе кезең деген болмайтын армрестлинг спортында бар күшіңді, бар өнеріңді санаулы секундта көрсете білуің қажет. Білектің күшінен бөлек жүректің де, ақылдың да алар орны ерекше. Санаулы секундта тәсілдерді тиімді пайдалану үшін бәрін бір сәтте іске қосуың керек», дейді Әлем кубогының иегері.

Айта кетейік, армрестлингтен Әлем кубогында ел намысын қорғаған шардаралық 48 спортшы да алтын медаль жеңіп алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *