22.02.2025
мектеп

Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары қарқын алуда. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүргізетін мердігерлер анықталып, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары басталмақ.

2025-2027 жылдары қаладағы 24 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл білім ордаларында 36 166 оқушы білім алады. Олардың заманауи стандарттарға сай, қолайлы ортада білім алуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *