22.02.2025
Медицина (3)

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбековтың төрағалымен жедел жәрдем станция қызметкерлерімен семинар өткізілді. Жиында шақыртуларға уақтылы жету, науқастарға сапалы дұрыс көмек көрсету, қажет болған жағдайларда ауруханаға уақтылы жеткізу, аналардың, балалардың өлімін болдырмау мәселелері талқыланып, шешімі айтылды.

Сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау Министрінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қалалық ДСБ-ның ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының жедел жәрдем бригадаларын аттестациялау жүргізілді. Біліктілігін жетілдіруден 1130 қызметкер өтті.

Әртүрлі бейін мамандарынан құрылған сарапшылар тобы арнайы әзірленген бақылау парақтары бойынша сұрақтар койып, түрлі жағдайлар бойынша симуляциялық құрылғыларды пайдалана отырып, дәрігерлер мен фельдшерлердің біліктілік деңгейін тексерді.

Сонымен қатар жедел жәрдем қызметкерлеріне жиналыстар ұйымдастырылып, жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігі жоғары екені айтылды, қызмет көрсету барысында орын алуы мүмкін жағдайлар бойынша талдаулар жүргізілді. Халыққа көрсетілетін қызметтің сапалы жүргізілуі жөнінде қатаң тапсырмалар берілді.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *