
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынға екінші алтын медальді салды.
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында ел намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғаған болатын.
Шымкент қаласының спортшысы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай жинап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Бұл – Қазақстан фристайл-акробатика спорты тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде.
Жарайсыңдар, жігіттер!