31.01.2025
IMG_4519

фото ШӨКҚ

ШЫМКЕНТТЕ 920 ТҰРҒЫНҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Шымкентте мыңға тарта азаматқа тұрғын үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетілді. Атап айтқанда ерекше күтімді қажет ететін жандар, жалбызілікті қариялар, жүріп-тұруында қиындығы бар тұрғындарға түрлі бағытта көмек көрсетілді. Мамандар мұндай адамның үйіне барып, әлеуметтік мәселесін шешуге қолғабыс болды.

Үшінші мегаполисте жыл өткен сайын қарттарға, мүгедектігі бар азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі дамып келеді. Бұл бағытта қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №7 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы айрықша рөл атқарады.

Орталық 9 бөлімше арқылы қызмет көрсетеді: 6 бөлімше қарттар мен мүгедектігі бар жандарға, 2 бөлімше тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға, ал 1 бөлімше 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдарға арналған.

мекемедегі 154 қызметкердің 122-сі күтім көрсететін әлеуметтік маман. Олар қаладағы 920 ерекше күтімді қажет ететін тұрғындарға 8 түрлі қызмет көрсетеді. Арнайы осы салаға маманданған жұмысшылар күтімді қажет ететін жандардың үй-жағдайына қарай тұрмыстық қолдау беруге әзір. Нақтырақ айтқанда, су тасу, азық-түлік жеткізу, үй жинау, пеш жағу секілді қызметтер ұсынылады.

Қызмет алушының денсаулығына сай үйге дәрігер шақыру, дәріханалардан дәрі-дәрмек жеткізу, емханаға бірге бару секілді медициналық көмекті ұйымдастырады. Сонымен қатар, психологиялық қолдау мен заңгерлік көмегін де ұсынады. Ерекше балалардың бейіміне сай білім алуы мен қоғамға бейімделуіне әлеуметтік күтім жөніндегі қызметкердің еңбегі орасан.

Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер қызмет алушыларды театрлар мен саябақтарға апару, мәдени шараларға қатысуына жағдай жасайды. Олар үйдегі еңбекті ұйымдастыру, өзіне күтім жасау бойынша кеңестер береді.

 

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *