31.01.2025
WhatsApp Image 2024-11-23 at 12.11.56 (1)

фото ШӨКҚ

Қала экономикасының өсуіне ықпал етіп отырған кәсіпкерлік нысандарын қолдау қарқын алды. Ол үшін алғаш рет шағын және орта кәсіпкерлердің жаңа бастамаларын қолдау үшін «шағын өндірістік алаңдарды құру» жүзеге асып отыр. Бұл туралы үшінші мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

Бұл алаң кәсіпкерліктің дамуына негіз болмақ. Қала басшысының сөзінше мұнда инфрақұрылыммен қамтылған дайын өндіріс алаңдары қолжетімді болады. Сонымен қатар, ниетті бизнес иелерін 9,8 млрд теңгеге қаржыландырып, жаңа нысан құру қолға алынды.

Қаламызда алғаш рет шағын және орта кәсіпкерлердің жаңа бастамаларын қолдау үшін «шағын өндірістік алаңдарды құру» жобасын бастадық. Бүгінгі таңда, аумағы 54 мың шаршы метр құрайтын 3 өндірістік алаңды салу жұмыстары басталды. Кәсіпкерлер үшін тағы бір жақсы жаңалық болған осы жылдан бастап бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендету бойынша шешім қабылдадым. Бұл кәсіпкерлерді ашық жұмыс жасауға ынталандырып, бүгінде осы салық түрінен бюджетке түсетін түсім 4,4 есеге артып отыр», — дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетерлігі, шағын және орта кәсіпкерлікпен өндірілген өнім көлемі қала экономикасының 56 пайызын құрап отыр. Сол себерпті биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 млрд теңге қаралған. Оның 18,4 млрд-ы республикалық бюджет қаражаты болса, 5,1 млрд теңгесі жергілікті бюджет еншісінен бөлінді. Нәтижесінде мыңнан аса жаңа жоба құрылған.  Қала басшысының айтуынша жыл басынан бері бас-аяғы 4 мыңға тарта жобаға көмек берілген.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда да оң өзгерістер бар. Бұл бағыт қала экономикасының негізі болып табылады. Нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 136 мыңнан асып, онда жұмыспен қамтылғандар саны 226 мыңға жетті. Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 млрд теңге қаралып, есепті кезеңге 15,5 млрд теңгені құрайтын 3 734 жобаға қолдау көрсетілді», — дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Одан бөлек, кәсіпкерлерге ыңғайлы орта құру үшін 7 базарды стандартқа сәйкестендіру жұмыстарын қолға алынған. Биыл 3 базар модернизациядан өтті. Жалпы Шымкентте 19 базар болса, қазірге дейін оның 12-сі талапқа сәйкестендірілген. Ал қалғаны қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұл кәсіпкерлермен қатар, қала тұрғындарының таза, заманауи ортада сауда жасауына септігін тигізбек.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *