31.01.2025
IMG_4616

фото ШӨКҚ

1 жыл ішінде 104 осал аймакта байланыс сапасы жақсарды Үшінші мегаполисте интернет қолжетімділігі артып  келеді.

2023 жылы қала аумағында ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында елді мекендерге талдау жүргізілді. Басқарма мен құзырлы орын жүргізген талдау нәтижесінде ұялы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталды. Оның ішінде 53-і Кселл компниясына, 33-і Кар-Телге, Мобайл Телеком-Сервис компаниясына – 61-і тиесілі.

Олқылықты түзеу мақсатында байланыс сапасы төмен 35 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 33 нүктеде арнайы нысан қолданысқа енгізілді.

«Kcell» АҚ өз жоспарына сәйкес, 133 базалық станцияны  5G технологиясымен және 116 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, коммерциялық нысан иелерімен келісім арқылы 47 базалық станция іске қосылды.

Ағымдағы жылы, Өңіраралық байланыс инспекциясы 43 нүктеде кемшіліктер анықтаған. Ол бойынша басқарма басшысы тығыз жұмыс жүргізіп жатқанын айтады.

“Аталған осал нүктелерді, жою үшін: биыл «Кселл» АҚ тарапынан 13 аймаққа, «Кар-тел» ЖШС тарапынан 11 нүктенің 3 аймағына базалық станция орнату жоспарлануда. Ал «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС тарапынан базалық станция орнату жоспарда жоқ”, — дейді Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.

Дегенімен,  15 аймақта шеринг әдісімен «Кселл» АҚ мобильді операторының базалық станциясын қолданатын болады. Қалған 4 аймақта оператор тарапынан шешім іздестіруде.

Сонымен қатар, «Кар-Тел» ЖШС бірлесе 15 нүктенің 14-не антенна-мачталық құрылғы орнатылды.  86  базалық станцияны  5G технологиясымен, 282 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізілді. Одан бөлек, коммерциялық нысан иелерімен келісімдеу арқылы 115 базалық станция іске қосылды.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *