31.01.2025
IMG_4620

фото ШӨКҚ

Биыл қаладан шалған орналасқан шеткі 20 елдімекен талшықты оптика желіге қосалады. Нәтижесінде 210 мыңға тарта мегаполис тұрғыны жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынды.

2024 жылы қосымша 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілді. Бүгінгі күні 11 елді мекен кең жолақты интернет желісімен қамтылып, интернерт желісіне қосылу жұмыстары атқаруда. Атап айтқанда, Мирас-2, Самал-3, Жалын, Өтеміс, Жұлдыз, Жыланбұзған, Базарқақпа ауылдарына сапалы байланыс кіргізіліп жатыр.

Ал қалған  Бадам, Бадам 1,2, тұрғын алабы, Шапырашты, Абдуллабад, Сайрам, Жаңаталап, Игілік, Қызылжар сынды 9 елді мекендер меморандум аясында жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Нәтижесінде аталған саладағы интернет қолжетілімділігі 80 пайызды құрайды деп көзделіп отыр.

Сонымен қатар, қаламызда білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражат цифрландыру басқармасы арқылы орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және әр-бір мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда. Бүгінде, қала аумағындағы 150 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек  көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған.

Сонымен қатар, мектептердегі интернетті қашықтықтан бақылау функциясы іске қосылды. Аталған функция нәтижесі бойынша жылдамдығы төмен мектептер тізімі анықталып тиісті жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек бүгінгі радиорелейк 11 мектеп кең жолақты интернет желісіне қосылды.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *