31.01.2025
IMG_4520

фото ШӨКҚ

Шымкентте небәрі 1 күндік сәбидің өңешіне күрделі операция жасалды. Қалалық білікті дәрігерлер мойынында ерекше ақауы бар болып дүние есігін ашқан балақайға шұғыл ота жасады. 

Нәресте Шымкент қалалық перинаталды орталықта 3600 грамм салмақпен туған. Сәби араға көп уақыт салмай қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне  жеткізілген.

Кеңірдек ақауымен дүние есігін ашқан балаға «өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек —өңештік жыланкөз» диагнозы қойылған. Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы оған «Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия» операциясын жасап шықты. Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауына алды.

Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Бүгінге дейін ішкі ағзаларының ақауымен дүниеге келген 40-там астам сәбиге күрделі хирургиялық ем жасалды. Қазіргі таңда нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімшедегі неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог-реаниматолог дәрігерлер ақаумен туылған сәбилерді ажалдан арашалау жолында табанды еңбек етіп жатыр.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *