31.01.2025
зейнеткер

Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін жандарға 38 мыңға жуық әлеуметтік қолдау көрсетілді. Ол үшін қомақты қаражат та қаралған. Нақтырақ айтқанда биыл мүгедектігі бар тұрғындарға қазынадан 12,3 млрд теңге қаралған. Ал былтыр дәл осы бағытта 8,2 млрд теңге бөлінген еді.

Қаражаттың қомақты болуы шаһардағы әлеуметтік осал топқа ететін азаматтар санының артуымен байланысты. Атап өтер болсақ, әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі адам саны 2022 жылы – 38 976-ді құраса, бұл сандар 2023 жылы – 40 728-ге жетті. Ал биыл 10 айдың ішіндгі статистика  41 544 адам көрсетті. Сондықтан қала басшысы бюджеттен алынатын қаржы көлемін арттырғандарын жеткізді.

«Әкімдік алдындағы маңызды міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау, оларға сапалы медициналық көмек көрсетіп, қоғамдық өмірге бейімдеу», — дейді Шымкент қаласының әкімі ҒабитСыздықбеков.

Сонымен қатар,  арнайы көмек алатын жандардың көлік қозғалысын жақсарту мақсатында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін №1, 2, 5 және 6 орталығына микроавтобустың кілті табысталды. Бұған дейін көлік тапшылығын сезінген мекемелер, жаңа тасымал құралы тың өзгерістерді әкелетініне сенімді. Ал сала басшысы ерекше тұрғандармен жұмыс істеуде қызметкерлердің еңбегі басым екенін айтып өткен еді.

«Әлеуметтік қызметкер болу – жай ғана кәсіп емес, ол адам жанына үңіле алатын, жүрегі мейірімге толы жандардың мамандығы. Олар қарттарға қолдау көрсетіп, ерекше жандарға қамқорлық жасайтын бағасы өлшеусіз көмекшілер. Қалада 17 орталық бар, сол орталықтардағы қызмет алушыларымыздың еңбектері  орасан», – дейді басқарма басшысы Жанат Өтебаева.

Мамандардың сөзінше, қызмет алушыларға жағымды орта қалыптастыру үшін ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, биыл заманауи үлгідегі 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды.

Сонымен қатар, №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 50 орындық қосымша ғимарат салу және №6 орталыққа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілу қолға алынған.

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласында 17 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2000-ға жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға денсаулығын қалпына келтіруге, еңбекке бейімделуге және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Шымкенттегі әлеуметтік орталықтардың жұмысы бүгінде басқа өңірлерге үлгі болуда.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *