31.01.2025
зансыз курылыс

Шымкентте жаңа білім ошақтары бой көтеріп жатыр. Атап айтқанда оқу жылы басталғалы 2 «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді.

Ел президентінің бастамасымен қолға алынған ұлттық жоба негізінде қалада 18 білім ордасы салынады деп жоспарланған. Қазір 10 нысан құрылысы қарқын алған. Келесі жылы ел игілігіне беру көзделіп отыр. Ал қалған 6 ерекше мектеп құрылысы 2025 жылы басталады. Қала басшысы сол арқылы қаладағы білім ұясына деген тапшылықты жою жоспарда бар екенін атап өтті.

«Қазір қалада 13 елді мекенде мектеп жоқ және                        21 мектепте орын тапшылығы бар. Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде  3 200 орындық 2 мектеп пайдалануға тапсырылып, 10 мектептің құрылысы жүргізілуде», — дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Білім саласында атқарылып жатқан жұмыс мұнымен шектелмейді. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан» 3 мектептің құрылысына 7,9 млрд теңге қаралды.  Нақтырақ айтқанда, бұл соммаға №39 мектептің жанынан 325 орындық қосымша ғимарат салынып жатыр. Сонымен қатар ендігі жылы 575 орындық №50 мектепке қосымша нысан, Тельман шағынауданында 1200 орындық мектеп салынады. Ал жаңа оқу жылы басталғалы 2800 орынға шақталған 5 су жаңа нысан пайдалануға берілді. Бұл игі істі инвестордар өз қаражатына жүргізген.

Сондай-ақ, №80, 8, 120, 48 мектеп пен аграрлық колледж қабырғасында күрделі жөндеу жүргізілуде. Жоспар бойынша нысан жыл соңына дейін іске қосылады.

Күн санап экономикасы шарықтап дамып келе жатқан шаһарды мекен етушілер саны артып келеді. Сәйкесінше қосымша білім беру мәселесі де өзекті. Сондықтан Қаратау ауданында жаңа Оқушылар сарайы бой көтермек. Бұл балаларды өнер мен білімге тәрбиелейтін қаладағы үшінші нысан. Тұрандықтардың игілігіне қызмет ететін 500 орындық Оқушылар сарайынынң қазір 80 пайыз жұмысы аяқталып үлгерген.

Жоспар бойынша 2025-2026 жылдары әр ауданға тиесілі дәл осындай тағы 2 нысанды ашу көзделген. Жаңа ғимаратта бассейн, күрес, жекпе-жек, үстел теннисі ойындарының залдары ашылады. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау үйірмелері жұмыс істейді. Ал ғылыми-техникалық секторда 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелері ашылады. Бұл өз кезегінде шымкенттік балақайлардың жан-жақты өсіп жетілуіне серпін болмақ.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *