Шымкентте тағы бір елдімекен табиғи газға қосылды. Бұл жолы игілік Бозарық-3 шағын ауданына жетті. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қаратау ауданында жергілікті тұрғындар және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығы қатысты.
Жаңа инфрақұрылымның арқасында бозарықтық 700 тұрғынге жуық үйге көгілдір отын кіргізілді.
Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, шағынауданды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті.
“Тұрғын алабын газдандыру – Шымкент қаласы халқын табиғи газбен қамтамасыз ету туралы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болатын. Бұдан бөлек желтоқсан айында мұнда ауызсу мен электр энергиясымен қамту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Ал ай басында тағы 700 абонентке газ кіргізілген. Айта кетейік, биыл күзде “Қайнарбұлақ-1”, “Қаратөбе” және “Бозарық-2” тұрғын алаптарының тұрғындары да табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін “Қайнарбұлақ-2”, “Қайтпас-1”, “Ынтымақ”, “Тассай” және “Еламан” шағынаудандарына да газ жеткізу жоспарда бар.
Еске сала кетейік, жыл басында қала бойынша 81 елді мекеннің 54-і табиғи газбен қамтамасыз етілсе, 24-і жартылай көгілдір отын тұтынуға мүмкіндік алған еді. Ал газбен қамтылмаған 3 елдімекен қалған еді.
Былтыр қала аумағында Тұран шағын ауданы, Бозарық 74 , Асар-2, Сауле, Нұртас шағынаауданы, Нұртас шағынауданы, Солтүстік Саяжай шағынаудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, газ кіргізілді.
2023 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған инфрақұрылым жүйесінің қамту көрсеткіші 94% -дан 96% -ға көтерілді.