Ақылды қалаға айналу көрсеткіші 70 пайызға жетеді. Бұл туралы басқарма басшысы мәлімдеді.
Аталған жоба көрсеткіші 2022 жылдың қорытындысына сәйкес 55%-ды құраса, ал 2023 жылы меже 61%-ға жетті.
Ағымдағы жылы жоспар бойынша көрсеткішді 70%-ға жеткізу көзделген. Ол үшін нақты қадамдар да бекітіліпті. Атап айтқанда қаладағы жол қозғалысын басқару жүйесі бойынша қала аумағында орналасқан барлық 190 көше қиылысына бағдаршам нысандарын интеллектуалды көлік жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда, интернет желісіне қосылу үшін келісім жасалып жатқан көрінеді. Сондықтан, жыл соңына дейін интеллектуалды көлік жүйесін іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар, автожолдардың сапасын бақылаубойынша жоспарланған жөндеу жұмыстары 346,6 шақырымға жетті.
“Орындалған жөндеу жұмыстарының
97 шақырымы аяқталды. Қала аумағында 891 шақырымды құрайтын
443 магистралды көшелер бар. Жалпы инертті материалдар қоры:
Құм – 31594 м3,
тұз – 6690 тонна. Жол бетінің жай-күйін бақылау бойынша
235 000 шаршы метр шұңқырлар қалыпқа келтірілді”, — дейді Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.
Соңғы уақытта жасыл кеңістіктердің сандық есебі жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы аумағындағы магистралды көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жекеше әріптестермен түзілген келісім шартқа сәйкес, қала аумағындағы жасыл желектердің санын анықтау, есебін жүргізу, заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау мақсатында жасыл желектерді паспорттау қолға алынды. Аталған шаруаны «KAZ ITECH» ЖШС-мен жүзеге асыруда.
Ағаштардың статистикасын бір қалыпта ұстау үшін және ашықтықты қамтамасыз еті мақсатында «zhasylshym.kz» платформасы әзірленді.
Қазір 237 түрлі жасыл желектің 841 012 данасы есептеліп, арнайы ашылған платформаға енгізілді.
Айта кетейік, Smart City көрсеткіші
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабының 63-5-тармақшасын іске асыру мақсатында, өңірлерде «Ақылды» қалалар» эталондық стандарты бекітілді.